×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Вьетнамдағы супер тайфун: халық та, билік те қауқарсыз

08.09.2024, 17:47
Вьетнамдағы супер тайфун: халық та, билік те қауқарсыз
Ашық дереккөзден

Вьетнамдағы супер тайфун салдарынан әуежайлар жабылып, халық қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Яги» тайфуны Вьетнамның солтүстігіне қатты екпінмен келіп, жолындағысын жаппай қиратып, билікті шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүр етті.

Сенбіде желдің екпіні сағатына 150 шақырымға жетіп, әуежайлар жабылып, тұрғындар қауіпті аймақтардан эвакуацияланды.

Билік төрт әуежайды, соның ішінде Ханой халықаралық әуежайын жабуға шешім шығарды.

Вьетнам премьер-министрі Фам Мин Тринх сондай-ақ ең осал аймақтардан, әсіресе су тасқыны мен көшкінге бейім аймақтарда тұратын азаматтарды шұғыл эвакуациялауды бұйырды.

Табиғи апат ең көп шығынды жағалаудағы Хайфон және Куангнинь провинцияларына әкелді. Куәгерлердің айтуынша, қатты жел темір конструкциялар мен жарнамалық белгілерді ауаға көтеріп әкеткен.

Ресми дерекке сүйенсек, тайфун салдарынан Вьетнамда екі адам қаза тапқан. Атап айтсақ, Ханойда бір әйелге ағаш құлаған, ал бір ер адам Хай Дуонг провинциясында қаза тапты. Вьетнам метеорологиялық агенттігі “Ягиді” соңғы он жылдағы ең жойқын тайфундардың бірі деп атады.