×
484.11
528.79
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.11
528.79
5.03

Айуан ақталып кете ме деп қорқамыз – әскерде қаза болған жігіттің қарындасы пост жазды

09.09.2024, 11:41
Айуан ақталып кете ме деп қорқамыз – әскерде қаза болған жігіттің қарындасы пост жазды
Лаура Ержанованың әлеуметтік парақшасынан

Маңғыстау облысында бетіне оқ тиіп қаза болған сарбаздың қарындасы Лаура Ержанова тергеудің әділ жүргізілуін талап етіп, әлеуметтік желіге жазба қалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Оқ атқан офицерге адамның өмірі ойыншық болса керек. Ойнап тұрып, “байқаусызда атып алыпты”.

Ағатайым көз жұмды. Кей-кейде біршама уақыт кездеспей қалатын едік. Бірақ әрдайым менің қорғаным екеніңді білуші едім. Мені қорғап жүретін. Бізде бәрі ақша шешетінін білемін. Айуанды ақтау үшін қазір бәрі жүгіріп жатқан шығар. Ол “ойнап тұрып” атып алды деген не сөз? Бұл балабақша емес – армия! Болған жайттың бәрін қорыта алмай тұрмын. Бірақ әділеттіліктің орнауы үшін атсалысқым келеді. Ақпаратты бәріңіз таратсаңыздар екен, – деп жазды Лаура желіге. 

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында “байқаусызда оқ тиіп”, көз жұмған сарбаздың әкесі кеше мәлімдеме жасаған еді. Әкесі баласының абайсызда өлім құшқанына сенбейді. Ол Қорғаныс министрінен бұл жағдайды өз бақылауына алып, тергеудің әділ жүргізілуін талап етті.

Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында сарбаз көз жұмғанын хабарлағанбыз. Қайғылы оқиға "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде болған. Бейресми ақпаратқа сәйкес, 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Атылған оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген. Сарбаз ауруханаға жеткізілгенімен оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Сағат 17:40 шамасында ол көз жұмған.