×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Маңғыстау облысында ірі жол апаты болды: Үш адам тірідей өртеніп кеткен

Фото: Lada.kz

ТЖМ мәліметінше, Маңғыстау облысында болған жол-көлік апаты болып, екі көлік өртеніп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, жол апаты Ақтау – Мұнайлы тасжолында болған.

8 қыркүйекте сағат 15:35-те 112 кезекшінің пультіне ЖКО туралы хабарлама келіп түсті. Тасжолда Mitsubishi Montero жеңіл автокөлігі мен Камаз бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі көлік толығымен өртеніп кеткен. Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері 16:19-да өртті сөндірді, - деп хабарлады министрлік.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар келген кезде көліктер өртеніп жатқан.

Mitsubishi көлігіндегі өртті сөндіргеннен кейін үш адамның күйген денесі табылды. Екінші көлікте қаза тапқандар немесе зардап шеккендер туралы әлі хабарланған жоқ. Оқиға орнына жеті адам және екі арнайы техника шықты, - деп толықтырды ТЖМ.

Серіктес жаңалықтары