×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Нағыз бақытқа жеттік»: Өскемендегі Қарттар үйінде екі зейнеткер отау құрды

09.09.2024, 23:29
«Нағыз бақытқа жеттік»: Өскемендегі Қарттар үйінде екі зейнеткер отау құрды

Өскемендегі Отбасы күні қарсаңында Қарттар үйінде екі зейнеткер шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы жергілікті Buqara.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазаққа келін болып түскен Людмила Николаевнаның жасы 71-де.

– Қарттар үйіне түскеніме біраз жыл болды. Міне, жан-жарымды таптым. 64 жастағы жұбайым мені сыйлайды, жақсы көреді. Нағыз отбасылық бақытқа ие болып отырмыз, – дейді зейнеткер.

Ерлі-зайыпты болмас бұрын екеуі екі ай бойы сөйлесіп жүрген. Қарттар үйінде енді ерлі-зайыптыға бөлек бөлме берілді.

Қазақстанда Отбасы күні 10 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мереке қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеді.