×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Дубай, Мәскеу, Көк жағалау – Қазақстаннан ұрланған байлық қай қалалардан шығып жатыр

10.09.2024, 16:30
Дубай, Мәскеу, Көк жағалау – Қазақстаннан ұрланған байлық қай қалалардан шығып жатыр
Коллаж Ulysmedia.kz

Қазақстан Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтер қай елдерден қайтарылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МҮЛІКТЕН ҚАЙДАН ШЫҚТЫ

Сүйіндіковтың сөзінше, заңсыз шығарылған активтер әртүрлі елде анықталған.

– Бірікккен Араб Әмірліктері, Ресей, Франция, Австрия, Сингапур… Түрлі мемлекет бар. Қай елден көбірек анықталғанын қазір салыстырып айта алмаймын. Алайда мүліктер жайлы айтар болсақ, олар Мәскеуде, Франция десек Көк жағалауда, БАӘ десек Дубай… Шет елдерден элитті мүліктер қайтарылатынын айтып отырмыз ғой. Элитті мүліктер жаңа айтқан тартымды елдерде орналасқан, – дейді ол.

ҚОРҒА 176 МЛРД ТЕҢГЕ ТҮСКЕН

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Бақытбек Тәшеновтың айтуыннша, арнаулы мемлекеттік қорға 176,3 млрд теңге түскен. Басқарушы компаниядан түскен қаражат - 5,7 млрд теңге, оның ішінде активтерді сатудан 5,559 млрд теңге және активтерді басқарудан - 141 млн теңге. Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын бөлу орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстарын міндетті түрде Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджет комиссиясында қараумен жүзеге асырылады. Қор қаражаты әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.

Тәшеновтың атап өтуінше, қор қаражаты есебінен қаржыландыру үшін жобаларды іріктеу және олардың өлшемшарттарын айқындау тәртібі Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларында айқындалған. Осы қағидаларға сәйкес мемлекеттік органдар әзірлеген жобалар Ұлттық экономика министрлігінің экономикалық сараптамасына жататын болады. Бұдан әрі жобаларды қор қаражаты есебінен қаржыландыру мәселесін Қаржы министрлігі Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады.