×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

«Мен қазақша білмеймін»: Мемлекеттік тілді сөйлей алмаған полиция қызметкері көптің ашуын туғызды

10.09.2024, 20:30
«Мен қазақша білмеймін»: Мемлекеттік тілді сөйлей алмаған полиция қызметкері көптің ашуын туғызды
Видеодан скриншот

Бейнежазба әлеуметтік желіде көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның нақты қай өңірде, қашан болғаны белгісіз. Бейнежазбадан жас полиция қызметкерін байқауға болады. Автордың түсіріп тұрғанына қарап оны полиция қызметкері тоқтатқанын білуге болады. Екеуара диалог былай өрбиді:

“- Қазақша сөйлеспеймін.
-Қалай сен жұмысқа кіресің? Қалай жұмыс істеп жүрсің сен қазақша білмей? Бұл қай ел?
-Орыстар және қазақтар. Бірінші қазақтар…
-Қазақша білуің керек сен, дұрыс па?
Мен қазақша білмеймін, бірден айтайын” 

Бұдан соң полиция қызметкері қазақша сөйлесетін адамды шақырып келейін дейді. Бірақ видео авторы өзінің дәл осы полиция қызметкерімен танысқысы келетінін айтады. 

Бейнежазба “Тестті қалай өткен?”, “Жұмыстан шығару керек” деген сынды пікірлер жазылған. 

Бұған дейін

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасында қазақ тілінің мәртебесін айқындау керек  деген еді. 

“Бізде қоғамдағы ең үлкен проблема – тілдің айналасында. Заңның маңызын айтып отырсыздар. Әлеуметтік желіден бәріңіз көріп жүрсіздер: тұтынушы келеді де “сен маған неге мемлекеттік тілде қызмет көрсетпейсің?” дейді. Содан дау шығады. Қоғам шулайды. Сондықтан заңда нақты “кез келген орындаушы немесе сатушы бірінші кезекте мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге міндетті” деп заңға жазу керек. Бір жерге барғанда мемлекеттік тілім болса да, өзге тілде неге қарсы алады – соған намысым келеді. Бірінші кезекте, мына заңда мемлекеттік тілдің мәртебесін айқындауымыз керек,” – деді Ринат Зайытов.

Бұл сұраққа жауап берген Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев заңнамада мұндай талап барын айтады.