×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Ақмола облысында оқушы қыз жоғалып кетті

10.09.2024, 22:05
Ақмола облысында оқушы қыз жоғалып кетті
Ақмола облыстық ПД

Туыстарының айтуынша ол осыдан бұрын да бірнеше рет үйден кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жоғалған-тоғызыншы сынып оқушысы Татьяна Степановна. 9 қыркүйекте Зеренді ауданының полиция бөліміне оның әпкесі хабарласып із-түзсіз жоғалып кеткен сіңлісін іздеуге жәрдем көрсету туралы өтініш білдірген.

Туыстарының айтуынша, бұрын мектеп оқушысы бірнеше рет үйден кеткен. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған бала байланыста, бірақ қоңырауларға жауап бермейді.

Белгілері: ақ түсті қысқа шашты, көк көзді, дене бітімі арық.

Жоғалған кезде ол сұр шалбар, қоңыр күрте, қара және ақ түсті кроссовкалар, сұр түсті капюшон киген.

Ерекше белгілер: тізеден төмен сол аяқта ромб түрінде суреті (татуировка) бар, сол иықта да суреті бар.

Облыс ПД мен аумақтық бөлімшелердің жеке құрамы хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруге бағдарланған. Іздеу іс-шаралары адамдар көп жиналатын жерлерде, сауда үйлері мен базарларда, қараусыз қалған құрылыстардың аумағында жүргізіледі.

Іздеуде жүрген азаматтар туралы қандай да бір ақпараты бар азаматтардан полицейлер телефон арқылы хабарлауды сұрайды: 8 (716-32) 21-1-35, 21-2-02, 29-91-32. Жоғалған адамның жасын ескере отырып, іс құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында.