Қазақстандық әйелдер 14 қыркүйекте онкологтардан тегін тексеруден өте алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Еліміздің барлық мемлекеттік онкологиялық ұйымдары ашық есік күнін өткізеді.
14 қыркүйекте Қазақстанның мемлекеттік онкологиялық орталықтарында гинекологиялық қатерлі ісіктің алдын алуға және ерте диагностикалауға арналған әйелдер үшін ашық есік күні өтеді.
Бұл күні мамандар кеңес беруге, тексерулер жүргізуге және әйелдер денсаулығына қатысты барлық сұрақтарға жауап беруге дайын болады.
Бұған дейін
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елімізде орфандық, онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар қоры жеткілікті екеніне, ал бұл мәселеге қатысты «Қазақстан халқына» қорымен түсініспеушіліктер реттелетініне сендірген еді.
Ол сондай-ақ «Қазақстан халқына» қорымен бірлескен жұмыс туралы айтты. – Онкологиялық жоспарды іске асыру шеңберінде «Қазақстан халқына» қаражаты есебінен сатып алынуы тиіс дәрілік препараттардың тізбесі айқындалды. Бірақ оларды бірыңғай дистрибьютор тізбесіне енгізуге байланысты қор бұл дәрілерді республикалық бюджет есебінен сатып алу керек деп есептейді, - деп атап өтті Ақмарал Әлназарова
Ал онкологияға қарсы дәрі ойлап тапқан Дос Сарбасов туралы мына жерден оқи аласыздар.
Дос Сарбасов біраз уақыт АҚШ-та тұрған екен. Ол АҚШ-та онкологияға қарсы дәрінің алғашқы сынақтарын да тышқанға егіп өткізіпті. Қазақстанға келгеннен кейін де NU базасында сол сынақтарды қайталап, осындағы әріптестерінің көзін жеткізеді.