×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Ауа райының қолайсыздығы: Нұр-Сұлтанда 12 рейс кейінге шегерілді

25.11.2021, 09:19
Фото: Ашық дереккөзден

Астанадағы әуежайдың ұшып-қону жолағын қар басып қалып, рейстер кейінге шегеріліп жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты түнгі сағат 02:30-дан бастап елордалық әуежай ұшу-қону жолағын қардан тазарту үшін уақытша жабылды. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 12 рейс уақытша тоқтады, 9 рейс бойынша ұшып келетін ұшақтар қосалқы аэродромға кетті», - деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінен.

Нұр-Сұлтандағы ұшып-қону жолағы сағат 09.00-де ашылған.

Министрлік жолаушыларды әуе компанияларының анықтама қызметіне хабарласуға болатынын ескертеді.

Орындалмай қалған рейстер:

  • KC956, Алматы
  • FZ 1706, Дубай
  • КС 921 Франкфурт
  • КС 407 Шымкент
  • DV 741 Ақтау
  • КС 207 Дубай
  • КС 981 Атырау
  • КС 622 Алматы
  • КС 7315 Қызылорда
  • SU 1957 Москва
  • КС 123 Ташкент
  • КС 977 Ақтөбе.

Келуі тиіс, бірақ қона алмаған ұшақтар:

  • IQ 386 Қарағанды
  • DV 722 Ақтөбе
  • КС 984 Атырау
  • КС 7328 Шымкент
  • КС 314 Ақтау
  • КС 138 Санкт Петербург
  • FZ 1705 Дубай
  • SU 1956 Москва
  • КС 918 Алматы
  • * КС (3 сандар) - Air Astana
  • КС (4 сандар) - FlyArystan
  • IQ - Qazaq air
  • FZ - Fly Dubai
  • DV - SCAT
  • SU - Aeroflot
Серіктес жаңалықтары