Танымал әнші Қайрат Нұртас сырқаттанып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол өз үйінде система қабылдап жатқан сәтінен видео жариялады. Бейнежазбада әншіге үлкен ұлы Нарұлдың тамақ беріп жатқанын көруге болады.
Жаным менің, әкесі ауырып қалған кезде тамақ беріп жатыр, – деді Қайрат Нұртас.
Оқи отырыңыз: Халық жауы болса, алаңға шығарып атып тастаңыздар - Қайрат Нұртастың әкесі
Еске салсақ, бұған дейін әнші әлеуметтік желіде жары Жұлдыз Әбдікәрімовамен Ақтауда түскен видеосын жариялап, ажырасып кетті деген қаңқу сөзге нүкте қойған болатын. Оған дейін ұшақта шу шығарғаны үшін 15 тәулікке қамалған еді.