×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

АҚШ пен Ұлыбритания Украинаға тағы 1,5 млрд доллар көмек береді

12.09.2024, 15:10
АҚШ пен Ұлыбритания Украинаға тағы 1,5 млрд доллар көмек береді
Украина президентінің сайты

АҚШ пен Ұлыбритания Украинаға энергетика мен гуманитарлық көмекті қалпына келтіру үшін тағы 1,5 миллиард доллар бөледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

AP хабарлауынша, мұндай шешім Киевтегі кездесуде қабылданған. Онда Украинаның ресейлік агрессияны тойтару үшін алыс қашықтықтағы зымырандарды пайдалануға рұқсат беруі де талқыланған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің айтуынша, ел Украинаға 700 миллион доллардан астам қаражат береді. Оның 325 миллионы Ресей армиясының зымырандары соққан энергетикалық нысандарды қалпына келтіруге және резервтік энергиямен қамтамасыз етуге жұмсалады. Тағы 290 миллион доллар азық-түлікке, баспанаға, медициналық көмекке және мұқтаж украиндардың біліміне жұмсалады.

Соңғы 102 миллион миналарды залалсыздандыру жұмыстарына бағытталады.

Өткен аптада АҚШ Украинаға 250 миллион долларлық әскери көмек көрсететіндерін мәлімдеді: пакетке әуе қорғанысы зымырандары мен артиллерия кіреді.