×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресей мен Украина тұтқындар алмасты

13.09.2024, 20:35
Ресей мен Украина тұтқындар алмасты
Ашық дереккөзден

Украина Ресеймен тұтқындар алмасу аясында 49 азаматын сәтті қайтарды. Өз кезегінде Ресей тарапы да осынша көлемде әскери қызметшілерін қайтарды. Олардың арасында Курск облысында тұтқынға алынған әскерге шақырылушылар басым болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский хабарлады. Ресейлік шенеуніктер бұл ақпаратты әлі растаған жоқ.

Зеленскийдің айтуынша, азат етілгендердің арасында ӘАОО, Ұлттық гвардия, Ұлттық полиция, шекарашылар мен бейбіт тұрғындар болды. Олардың бірі 2022 жылдың аяғынан бастап тыңшылық жасады деген айыппен тергеу изоляторында болған Қырымның тумасы Ления Умерова да бар.

Умерова ауыр науқас әкесіне бару үшін басып алынған Қырымға кірмек болған кезде ұсталды.

Сонымен қатар, Зеленский "Азовсталидің" бірнеше қорғаушыларының босатылуын атап өтті, олардың арасында Украинаның батыры және әскери дәрігер Виктор Ивчук бар.