×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтауда ер адамды көлік қағып өлтірді

15.09.2024, 11:35
Ақтауда ер адамды көлік қағып өлтірді
lada.kz

Ақтау қаласының орталық аумағында көлік қағап кеткен ер азамат қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қайғылы оқиға қыркүйектің 15-іне қараған түні 5-ші және 6-шы шағын аудандар арасындағы тас жолда болған. Маңғыстау облысының полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты.

Департамент баспасөз қызсетінің мәліметінше, Toyota Camry жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Оқиғаға кінәлі адам ұсталып, полицияға жеткізілді.

Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ал облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, марқұм шамамен 40-50 жас шамасындағы ер адам екен.