×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Ақылы сапармен алғаш ғарышқа аттанған туристер Жерге оралды

15.09.2024, 19:10
SpaceX

Ақылы рейспен ғарышты бетке алған алғашқы туристер тобы Жерге аман-есен оралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұл туралы германиялық BILD басылымы сүйнші хабар таратты.

Осылайша Polaris Dawn жеке ғарыш миссиясы сәтті аяқталды. SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі жексенбі күні таңертең Флориданың оңтүстігіне жақын маңдағы теңізге қонды.

Миллиардер Джаред Айзекман және тағы үш әуесқой ғарышкердің саяхаты 10 қыркүйекте басталған болатын.

Флориданың батыс жағалауындағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан ұшырылғаннан кейін Crew Dragon шамамен 1400 шақырым биіктікке көтерілді.

 

Dragon's hatch is open and the Polaris Dawn crew is getting ready to exit the spacecraft pic.twitter.com/KItVBSwJff

— SpaceX (@SpaceX) September 15, 2024