×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресей шахтасындағы жарылыс: 52 адам көз жұмды

26.11.2021, 07:24
Ресей шахтасындағы жарылыс: 52 адам көз жұмды
Фото: Ашық дереккөзден

Алдын ала берілген мәлімет бойынша, Кузбастағы «Листяжная» шахтасында апаттың салдарынан 52 адам қайтыс болған. Оның ішінде алты адам – құтқарушы. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазып жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

РФ бас прокурордың орынбасары Дмитрий Демешиннің айтуынша, төтенше жағдайдың себебі ұшқыннан туындаған метанның жарылуы және кеншілерді жарақаттаған динамикалық соққыдан келген. Тергеу барысында шахтаның 47 жастағы директоры, оның 59 жастағы бірінші орынбасары және 36 жастағы учаске бастығы ұсталды.

«Ұсталғандар қауіпті өндірістік нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуына жол берген. Осының салдарынан газодинамикалық құбылыс пайда болды. № 4 учаскенің желдеткіш штрекі түтіндей бастады, артынша қазбада жатқан жұмысшылар тұншығып қалды», - делінген тергеу комитетінің хабарламасында.

Қылмыстық іс «екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан, қауіпті өндірістік нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуы» бабы бойынша қозғалды. Күдіктілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Листвяжная шахтасының аумағында іздеу жұмыстары 26 қараша күні таңертең тоқтатылды. Өңірде үш күндік аза тұту жарияланды.

Еске сала кетсек кеше осы оқиғаға байланысты Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемерово облысындағы «Листвяжная» шахтасында болған апат  салдарынан кеншілердің қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдаған еді. Ро кезде Кемерово облысының билігі Листвяжнаядағы шахтада болған апат салдарынан 11 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын.