×
510.81
578.59
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.81
578.59
6.51

Автобуста аяусыз ұрып-соққан: Сотқарлар кім екені анықталды

17.09.2024, 22:20
Автобуста аяусыз ұрып-соққан: Сотқарлар кім екені анықталды
Видеодан скриншот

Көптің қызу талқысына түскен бейнежазба 13 қыркүйекте тараған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ ЖАҒДАЙ

Оқиға 13 қыркүйекте Астана қаласындағы  № 25 автобуста болған. Жазбадан жолаушылар тобы жігітті теуіп, ұрып-соғып жатқаны, өзге жолаушылар араласуға тырысқаны байқалады.

КІМ ЕКЕНІ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін Астана полицейлері қоғамдық көлікте жасөспірімді ұрып-соққан үш күдіктіні анықтады.

Бұл туралы Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жасөспірімді қоғамдық көлікте ұрып-соғу фактісі бойынша полиция қызметкерлері 15 және 16 жастағы үш кінәлі адамды анықтап, полицияға жеткізді. Осы факті бойынша "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шауленова.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдерді жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.

Жасөспірімдер профилактикалық есепке алынған. 

Серіктес жаңалықтары