Қауіпті ойын ұйымдастырған балалардың ата-аналары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БАЛАСЫ ҮШІН
Астана сотының мәліметі бойынша, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамағаны үшін ата-аналар сотқа тартылған.
Іс материалдарынан Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде тұратын кәмелетке толмаған бес бала "суицид" деп аталатын қауіпті ойынды ойнауға шығады. Салдарынан жеті жасар бала зардап шеккен. Олар баланы кіреберіске апарып, үшінші қабатқа көтеріліп, баспалдақ арасындағы саңылауға тұрғызған, - делінген хабарламада.
БЕСЕУДІҢ БІРІ МОЙЫНДАМАДЫ
Сот отырысы барысында төрт ата-ана өз кінәсін мойындады, біреуі мойындамады.
Сот ата-аналарды балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін, балаларды күнделікті өмірде, қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс ережелеріне үйретпегені үшін кінәлі деп таныды. Олардың балаларының әрекеті басқалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, бұл - 36 920 теңге.
Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.
ОҚИҒА ҚАЛАЙ БОЛДЫ
Бұған дейін Астана тұрғыны 8 қыркүйекте көрші балалар оның 7 жасар ұлын тұрғын үй кешенінің балконынан лақтыруға тырысқанын айтқан болатын. Жағдай бейнежазбамен расталды.
Кейінірек Білім басқармасында балалар өздерінің іс-әрекеттерінің қауіптілігін түсінбеді және іс жүзінде пранк ролигін түсіргісі келді деген пікір айтылды.
Ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді, балалармен психологтар жұмыс істейді. Ата-аналар зардап шеккен тараптан кешірім сұрап, түсініктеме жазып, психологтардың жұмысына келісім берді, - деп толықтырды басқармада.