Ақмола облысында көкжөтелмен ауыратындар саны күрт өсіп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЕКПЕ АЛМАҒАНДАР МА
Санитарлық дәрігерлер мұндай көрсеткіштерді балаларға жоспарлы екпе жасатудан бас тартумен байланыстырады. Қазір облыста ауруды жұқтырудың 62 жағдайы тіркелсе, оның 41-і ресми түрде расталды.
ДӘРІГЕРЛЕР НЕ ДЕЙДІ
Науқастардың 83% екпе алмағандар, оның 55% екпеден бас тартқандар. Медициналық жеңілдіктерге байланысты жеті бала екпе алмаған. Көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге және пента және гексавакцинді вирустық гепатитке қарсы егу жұмыстарының көрсеткіші 62% құрайды. Бұл ДДСҰ ұсынған қажетті көрсеткіштерге жетпейді, – дейді облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.
Еске салсақ, Қызылорда облысында вакцинаға қарсы ата-аналар көбейгенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы қызылша мен көкжөтел ауруларының жағдайы туралы хабарлаған еді.