×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

«Жамбылдың жерінен – Астана төріне!»: елордада әулиеаталық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтуде

21.09.2024, 19:14
«Жамбылдың жерінен – Астана төріне!»: елордада әулиеаталық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтуде
Фото: дереккөз

Астана қаласында Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. 21-22 қыркүйек күндері өтетін шарада азық-түлік өнімдері 10-20 пайызға төмен бағада сатылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жәрмеңке «Қазанат» атшабарында ұйымдастырылған. 

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек жәрмеңкені аралап, баға бағамын бақылап көрді.

90-ға жуық жамбылдық шаруа 220,4 млн.теңгені құрайтын 301,8 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелді. 

Атап айтқанда, 33,2 тонна жылқы, сиыр, қой және тауық еті, 4 тонна шұжық және 22,2 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 10 тонна қант, 2,5 литр өсімдік майы, 1 тонна кондитерлік өнімдер мен 5,4 тонна макарон өнімдері, 0,4 тонна ас тұзы, 4 тонна балық, 4 тонна ұн, 6,8 тонна бал және 202,3 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.

Жәрмеңкеге келген халықтың қарасы қалың. Өңірде өндірілген өнімдерге астаналық ағайыннан сұраныс жоғары. Шаруаларымыздың өнімі лезде өтіп жатыр,  — деді Жамбыл облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшенов.

Астана қаласының тұрғындары жәрмеңкеге мол өнім қойылғанын атап өтіп, ризашылықтарын білдірді.

Жамбылдық шаруалар таза әрі қолжетімді бағада өнімдерін ұсынуда. Елордада тапшы азық-түліктерді осы жәрмеңкеден таптық. Алғысымыз шексіз, – дейді Астана қаласының тұрғыны Ардабек Таубаев.

Барлығы жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Қажетті заттарымды төмен бағада сатып алып, көңілім марқайып, қайтып барамын – деп атап өтті зейнеткер Еркін Сыдықұлы. 

Жәрмеңке барысында астаналықтарға К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының өнерпаздары концерттік бағдарлама қойып, меркелік көңіл-күй сыйлады.