Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ІІМ-нің мектептерде инспекторларды алып тастау шешімі қате болғанын, соның салдарынан жасөспірімдер арасындағы мәселелер өршіп кеткенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның пікірінше, бұл мәселе бірнеше рет көтерілген.
Бұл сұрақ бірнеше рет әртүрлі деңгейлерде көтерілді. Біздің ұстанымымыз әрқашан өзгеріссіз қалады. Мектеп инспекторларын алып тастамау керек еді. Олар әртүрлі рейдтерде, іс-шараларда жиі жүрсе де олардың мектептерде болуы кәдімгідей оң әсерін берген еді. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың қауіпсіздігі мен алдын алу олардың жұмысына тікелей байланысты болды. Бүгінгі таңда мектеп инспекторлары жоқ болғандықтан, бұл мәселелер күшейе түсті, – деді Аймағамбетов.
Еске салсақ, Ақтөбе облысы Қопа ауылында кәмелетке толмаған үш жасөспірім 14 жастағы оқушыны өлтірді деген күдіккеіліккенін жазған едік.
Сондай-ақ Алматы облысында жасөспірімдер қатарластарын аяусыз ұрып-соққан. 13 қыркүйекте Астана қаласындағы № 25 автобуста жасөспірімдер жас жігітті тепкілеп тастаған.
Соңғы уақыттарда кәмелетке толмаған балалар арасында қатыгездік оқиғалары көбеймесе, азайған жоқ.