×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

Діни ағым өкілдері: ҰҚК бірнеше қалада 50 адамды ұстады

Діни ағым өкілдері: ҰҚК бірнеше қалада 50 адамды ұстады
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдің бірнеше аймағында өткен арнайы операция кезінде 50 адамды ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰҚК АҚПАРАТЫ

ҰҚК, ІІМ және БП ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстауға арналған операция жүргізді.

Барлығы 50 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, – деді ҰҚК баспасөз қызметі.

Олар тауарлар мен автокөліктерді аса ірі көлемде ұрлау арнасын ұйымдастырды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысты қаржыландырды деп күдіктелуде. 20-дан астам адамның сеніміне кіріп, 2 млрд теңгеден аса мүлік тонаған.

ДЕСТРУКТИВТІ ДІН ӨКІЛДЕРІ

Топтың нақты иерархиясы мен қатысушыларының рөлдерінің бөлінуі болған, олар қылмыс пен деструктивті діни ортаның өкілдерінен, соның ішінде түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерден құралған.

Тінтулер барысында банк карталары, ірі ақша қаражаты, экстремистік әдебиеттер, ақша аударымдары жазылған жазбалар және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар табылған.