×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

«Екінші, үшінші әйел боласыз»: қазақ қыздары арабқа күйеуге шығуды сұрастырып жүр

24.09.2024, 01:15
«Екінші, үшінші әйел боласыз»: қазақ қыздары арабқа күйеуге шығуды сұрастырып жүр
Әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде орамалдағы арудың осы тақырыпта сөйлеген видеосы қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

“АРАБТЫ ҚАЙДАН ТАБАМЫЗ?”

Ол өзін Назира деп таныстырған. Айтуынша Дубайда гид қызметін атқарады екен. 

“Дубайға келетін қазақ қыздарының сұрағы қандай деп ойлайсыз? Әрине “арабтарды қайдан табуға болады және қазақ қыздарын тұрмысқа ала ма” деген сұрақпен келеді”,- дейді ол.

ЕКІНШІ, ҮШІНШІ, ТӨРТІНШІ...

Назираның айтуынша қазақ қыздарын арабтар әйелдікке алады. 

“Негізі арабтар алады қазақтарды. Бірақ сіздер бірінші әйел болмайсыздар. Бірінші әйелді атастырып қойған қатарларынан алады. Екінші, үшінші, төртінші әйелге дайын болсаңыздар әрине үйленуге болады. Бірақ оларға заң жүзінде танысуға болмайды бұл мемлекетте. Инстаграммнан табады, даладан табады. Өздеріңіз көзбен белгі беріп “я свободно, танысуға дайынмын” деген қыздармен олар танысады”, – деді.

“ӨЗІ БІЛЕДІ...”

Дегенмен оның сөзінше Біріккен Араб Әмірліктеріндегі өмір Қазақстандағыдан әлдеқайда басқаша.

“Бірақ бұл жақтың өмірі біздікіндей емес. Бұл жақта екеу, үшеу, төртеу боласыздар. Олардың ата-анасына барасыздар. Біздікіндей жұмысы жетіде аяқталса, жеті жарымда үйде отырып семейный быть болмайды. Ол қалаған уақытында келеді. Түнгі он бірде, он екіде, үште келе ме... Өйткені сіз жалғыз емессіз. Екіншісі, үшіншісі, төртіншісі бар”,- дейді Назира есімді қыз.

Бейнежазбаның астына жазылған пікірлердің басым бөлігі “Қазақ қызы деуге ауыз бармас…”, “Енді осы қалған еді жарнамаламаған” деген сарында.

ДУБАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАР

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Парламентте Дубайда қымбат пәтер сатып алған қазақстандықтар жөнінде сөз қозғаған еді.

– Өткенде көрген шығарсыздар: біздің үш мыңға жуық қазақтың Дубайда үйі бары анықталды. Пәтер құнының ең кемі – 500 млн теңгенің айналасы. Осы шетелдегі жылжымайтын мүлкі бар адамдарға неге салық қарастырылмаған? Неге оларға салық салынбайды? Сол кезде біз олардың табысын жасыруына бөгет болар едік.  

АЗАТТЫҚТЫҢ ЗЕРТТЕУІ

Жақында Азаттық радиосы Дубайдағы қазақстандықтардың мүліктері жөнінде зерттеу материал жариялаған еді. Еуроодақ сарапшыларының 2022 жылғы есебіне сәйкес, Қазақстанның 1550 азаматы Дубайда жалпы құны 1 млрд доллардан (450 млрд теңгеден) асатын 2700-ге жуық жылжымайтын мүлікке иелік еткен. Осы тізімнен Қазақстанда қазір не бұрын лауазымды қызмет атқарғандардың және олардың туыстарының мүліктерін теріп шықты. Алты бөлімнен тұратын зерттеудің біріншісі мұнай-газ саласында жұмыс істегендерге арналған.