×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Сауал жолдаңыз: Әрінов ТЖМ алатын жаңа ұшақтардың бағасын ашып айтпады

24.09.2024, 13:02
«Сауал жолдаңыз: Әрінов ТЖМ алатын жаңа ұшақтардың бағасын ашып айтпады
Ulysmedia коллажы

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов төтенше жағдайлар үшін ұшақтар мен тікұшақтар сатылып алынатынын айтқанымен, оның бағасы қанша екенін ашып айта алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ЖАҢА ҰШАҚТАР МЕН ТІКҰШАҚТАР

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов биылғы тасқыннан кейін бірқатар шара қабылданып жатқанын атап өткен еді. Атап айтқанда біріншіден, құтқарушыларды арнайы киім-кешекпен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қайта қаралуда. Сатып алынатын нысанды киімі сапалы және тапсырмаларды орындауға ыңғайлы қимыл қозғалысқа қолайлы болуы көзделеді. Екіншіден, сапалы арнайы автомобильдер мен инженерлік техникалар, оның ішінде жүзу құралдарын, ұшақтар мен тікұшақтар сатып алынады. 

“ДЕҢГЕЙІМІЗ ӨСЕДІ”

Үкімет отырысынан кейін тілшілер тікұшақтар мен ұшақтар қайдан әкелінетінін, оның құны қанша болатынын сұраған.

– Төтенше жағдай министрлігіне бірталай ұшақ керек. Біздің ойымыз келешекте 20 өңірде 20 авиаотряд болуы керек. Нәтижесінде онда қауіпсіздік жағы қамтамасыз етіледі, кадрлар даярланады. Жас мамандар ұшқыш мамандығын меңгереді. Қазіргі таңда жоспар бойынша лизинг арқылы біз 3 Ми-8 АМТ тікұшағын аламыз және 4 Ка-32 тікұшағын аламыз. Осылайша, тәуелсіз Қазақстан тарихында бірінші рет 4 L-410 чехиялық ұшақты аламыз. Оларды 4 өңірде қоямыз: батыс, шығыс, солтүстік және оңтүстікте. Соның арқасында тапсырмаларды орындаймыз деп ойлаймын. Нәтижесінде деңгейіміз өседі, – дейді ол.

Әріновтің сөзінше, тікұшақтар өте тиімді лизинг арқылы алынады.

– Бұл техниканың бәрі қазіргі нарықпен салыстырғанда баға әлдеқайда төмен. Екіншіден, қажет қозғалтқыштары, құрал-жабдықтары, қызмет көрсетуі бәрі бірге жаңа технология кіріп жатыр. Бүкіл қызмет көрсету жүзеге асырылады, – дейді ол.

Министр бұл техникалардың жалпы сомасын ашып айта алмады. “Сіздерге сауал жазсаңыз жазып береміз” деді ол.