×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Балаң үйде, басы интернетте. Ата-аналар нені білуі керек?

25.09.2024, 17:41
Балаң үйде, басы интернетте. Ата-аналар нені білуі керек?
ашық дереккөз

Оқу-ағарту министрлігі бала құқықтарын қорғау комитеті оқушылардың интернеттен теріс тәрбие алып, зиян шегуіне жол бермес үшін ата-аналарға бірқатар кеңес берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАУІПТІ ОЙЫН

Бала интернетте үй мекенжайы, телефон нөмірі, отбасы сынды жеке мәліметтерін бөліспеуі керек. Telegram, Вконтакте, TikTok желілеріндегі қауіпті топтарға (Синий кит, Тихий дом, Разбуди меня в 4.20, Млечный путь, Море китов, U19, F57, Беги или умри, Киты плывут вверх, F58, Рина, Ня.пока, 50 дней до моего… Красный дельфин, Союз нервных клеток, Honeymoon, Союз Ян және т. б.) кіруге, +16, +18 жазбалары бар әдебиеттерді оқуға, қауіпті онлайн ойындарды ойнауға (Schoolboy Runaway — stealth, GachaLife және т.б) болмайды, — делінген комитет өкілдері таратқан мәліметте.

Ата-ана баласының интернетте не істеп отырғанын бақылауы керек. Ол үшін Family Link (Android), Screen Time (iOS) бағдарламаларын пайдалануға болады.

ДОСТАРЫ КІМ

Баланың әлеуметтік желідегі достары мен кімге жазылғанын қарап отырған жөн.

Бала ерте жатса да ұйқысы қанбай жүрсе, денесінен кесілген, көгерген немесе басқа да жарақат байқалса, мұңлы музыка тыңдап, депрессиялық немесе агрессивті сюжеті бар видеоларды көрсе, өзімен-өзі оқшауланып, ашушаң болып кетсе, мағынасы түсініксіз қорқынышты символдардың немесе белгілердің суретін салса – қауіптің белгісі.

Ондай кезде бірден мектептің педагог-психологына, мектептегі ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығына, Балаларды психологиялық қолдау орталығына, Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілге, 111 нөмірі арқылы балаларға арналған байланыс орталығына хабарласыңыз, - делінген ақпаратта.