Израиль армиясының қолбасшысы Герци Халеви, елдің қарулы күштері Ливанға құрлық арқылы басып кіруге дайындалып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖЕР АШЫП БЕРІП ЖАТЫР
Халеви әскери бөліміне барған ол әуе күштері әлі де Ливанның шекаралық және әрірек аудандарын атқылап, құрлық әскеріне басып кіруге жер ашып беріп жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, бұл Израильдің солтүстігіне «Хезболладан» төнетін қауіпті сейілтіп, тұрғындардың үйіне оралуына жол ашады.
Құрлық арқылы шабуыл жасау үшін резервте тұрған екі бригада шақырылған.
«Хезболланың» саяси қанаты саналатын Ливанның көлік министрі израильдік әскерді басып кіруі оларға «саябақта серуендегендей» оңай болмайтынын мәлімдедеді. Ал елдің денсаулық сақтау министрлігі сәрсенбіде Израиль әуе соққысынан Ливан аумағында 50-ден астам адаМ қаза тапқанын, жүздеген адам жараланғанын хабарлады.
«ХЕЗБОЛЛА» ШАБУЫЛЫ
Ливандық қылмыстық топ «Хезболла» кеше Израиль астанасы Тель-Авивке баллистикалық зымыран атып, ол қалаға дейін жеткен. Алайда Израиль күштері оны қағып түсірген. «Хезболла» зымыран нысанасы «Моссад» Израиль барлау штабы болғанын мәлімдесе, Израиль билігі зымыран бейбіт ауданға бағытталғанын жеткізді. Қылмыстық топ өкілдерінің пейджері мен рацияларының жарылуына израильдік барлауды кінәлайды.
БІРЛЕСКЕН МӘЛІМДЕМЕ
Ливанда әскери қақтығыстар болып жатқанда Нью-Йоркте БҰҰ бас ассамблеясында 11 ел Израиль мен «Хезболлаға» аймақтағы жағдай ұшығып кетпес үшін үш аптаға атысты тоқтытып, осы аралықта конфликтті бейбіт жолмен реттеуге тырысуға шақырды. Бірлесвкен мәлімдемеге АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Италия, Жапония, Канада, Аустралия, Сауд Арабиясы, БАӘ, Катар мен Еуроодақ қосылған.