×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Зеленскийдің АҚШ-қа сапары. Нақты нәтижелерге қол жеткізіле бастады

27.09.2024, 12:55
Зеленскийдің АҚШ-қа сапары. Нақты нәтижелерге қол жеткізіле бастады
EPA

Өткен жексенбіден бері АҚШ-та ресми сапармен жүрген Украина президенті Владимир Зеленский көптеген кездесу өткізіп, еліне аса керек кезекті миллиардтарды алуға қол жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бейсенбіде ол Ақ үйде президент Джо Байденмен, президенттікке үміткер Камала Харриспен, Конгресте Республикалық және Демократиялық партиялардың өкілдерімен кездесті.

8 МЛРД ДОЛЛАР КӨМЕК

Зеленский сапарының алғашқы нақты нәтижесі Байденнің мәлімдемесі болды. Ол АҚШ Украинаға 8 млрд доллар сомасына әскери көмек берілетінін хабарлады. Бұл – Конгресс жыл басында мақұлдаған 61 млрд долларлық пакеттің бір бөлігі саналады.

Оның ішінде Украина Joint Standoff Weapon әуе бомбасын, Patriot әуе қорғанысына қарсы жүйесінің батареясын және қосымша зымырандар алмақ. Оның сыртында АҚШ Украина ұшқыштарының F-16 жойғыш ұшақтарын басқаруға үйрену бвағдарламасын кеңейтеді.

Кездесу кезінде Байден бұл шаралар Украинаның келешекте өтетін келіссөздердегі позициясын нықтай түсетінін айтып, Украинаның жеңісі үшін батыстың әскери қолдауды жалғастыруы мен НАТО-ға, ЕО-ға мүшелікке жақындай түсу арқылы ұзақ мерзімге қауіпсіздігін қаптамасыз ететін халықаралық қолдау керектігін атап өтті.

АЙЫПТАУ МЕН ЖАҚТАСУ

Сапары барысында Зеленский АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамптан айыптау, Камала Харристен жақтасу сөздер естіді.

Трамп оны планетадағы «ең ұлы коммерсант» деп атап, «Украина енді жоқ, бұл енді Украина емес» деген мәлімдеме жасады.

– Үйлер қирады, қалалар жойылды. Оларды енді жоқ, ал біз келіссөз жасағысы келмейтін адамға долларды миллиондап беріп жатырмыз. Ол әркез келгенінде 60 млрд доллармен қайтып жатыр, –  деген Трамп Солтүстік Каролида сайлаушыларымен кездесуде.

Сондай-ақ ол бүгін Зеленскиймен Нью-Йорктегі өзінің Тrump Tower-дегі кеңсесінде кездесетінін жеткізді.

Камала Харрис керісінше, Зеленскийді жақтай  түсті.

Ол Украинаны қолдауға уәде беріп, Трамптың атын атамастан, Ресеймен бейбітшілік үшін аумақ алмастыруды қалайтындар әрекеті «капитуляцияны қолдаумен» тең деп айтты.

ЕЛШІ ДАУЫ

Зеленксийдің сапары кезінде республикалық партия өкілі Майк Джонсон Украинаның АҚШ-тағы елшісі Оксана Маркарованы қызметтен қууды талап етті. Ол елшіні Пенсильванияға Зеленскийдің сапарын әдейі ұйымдастырып, АҚШ-тағы сайлауалды компанияға араласуға тырысты деп айыптады.

Пенсильваниядағы Зеленский барған Скрэнтон Байденнің туған қаласы. Әрі ол жер қарашадағы сайлаудың тағдыры шешілетін маңызды орындардың бірі. Зеленский ол жерге Украина әскеріне керекті снаряд өндіретін әскери зауытқа барған. Оны ол жақта өте жылы қарсы алған.

«ЖЕҢІС ЖОСПАРЫ» 

Украина президенті АҚШ-қа «Жеңіс жоспарымен» бара жатқанын айтқан. Әзірге ол таныстырылмады. Times ұсынылатын жоспар негізгі төрт бөлімнен тұратынын жазған.

- батыстың ел қауіпсіздігіне кепіл болуы туралы, НАТО-ға мүшелікке өту жағдайында бірлесе қорғану туралы өтініш;

- аумақтық мүмкіндік ретінде Украинаның Ресейдегі Курск облысына шабуылын жалғастыру;

- белгілі бір заманауи қаруларды беру туралы өтініш;

- Украинаның қираған экономикасы үшін халықаралық қаржылық көмек.

«ЖАҢА НӘРСЕ ЖОҚТЫҢ ҚАСЫ»

Зеленский сапары кезінде Байден әкімшілігі “Жеңіс жоспарында” ауқымды ештеңе жоқ екеніне алаңдаушылық білдіргені туралы ақпарат шықты. Ұсыныстар негізінен көбірек қару мен алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды қолдануға рұхсат сұраудың айналасында делінген. WSJ-мен әңгімелескендер Зеленскийдің ұсыныстары ымыраға келмейтін талаптар екенінін, дипломатия мен саясатқа арналған бөлімдер егжей-тегджейлі жазылмағанын, тек қару беруді сұраған тұстары көп екенін жеткізген.