Қарттар күніне орай аға буын өкілдеріне 2,5 АЕК (9 230 теңге) көлемінде бір реттік ақшалай төлем беріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл төлемді шамамен 107 мың елордалық алады, оған жалпы 989,2 миллион теңге бөлінген.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі атап өткендей, бұл көмек мемлекет тарапынан жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан, мүгедектігі бар, көп балалы, сондай-ақ заңнамада көрсетілген басқа негіздер бойынша мемлекеттен төлем алмаған зейнеткерлерге беріледі.
Төлем екі кезеңде жүзеге асады: бірінші бөлігі қыркүйектің соңында, ал қалғаны қазан айының басында аударылады.