Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері ел аумағында бір аптаның ішінде 5 көліктің өртін сөндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Көліктердің өртену оқиғалары Ақмола, Ақтөбе, Атырау мен Павлодар облыстарында болған.
“ТЖМ күштерімен 2 жеңіл автомобиль, 1 жүк көлігі, 1 бульдозер мен 1 тіркеменің жануы сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ”, делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ бүгін түнде Көкшетау қаласында екі қабатты тұрғын үй өртке оранып, оқиға орнына жедел келген өрт сөндіру топтары жанып жатқан үйдегі ашық жалынмен арпалыса жүріп екі газ баллонын алып шыққан.
Ал екібастұздық өрт сөндіруші-құтқарушылар өрт шыққан 4-қабаттағы пәтерден құтқару қалпақтары арқылы баспалдақ маршымен екі адам құтқарды.