×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қаржымин халық қолма-қол ақшаға көшіп кете ме деп қауіптеніп отыр

29.11.2021, 16:42
Фото: Ашық дереккөзден

«Таксистер» мобильді қосымшадан бас тартып, ел арасында қолма-қол ақшаға ауысу керектігі туралы әңгіме тарап жүр. Осыған байланысты Қаржы министрлігі бүгін түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«Мобильді аударымдарды пайдалануға қатысты Салық заңнамасына енгізілген түзетулер жеке тұлғалардың аударымдарын кәсіпкерлердің аударымдарынан ажыратуды көздейді. Бұл мәселе бизнес серіктестермен, банктермен бірнеше мәрте талқыланған еді. Бұл бастаманың мақсаты – цифрлық алаңда бизнестің жүргізілуін ары қарай дамыту. Ол қолма-қол ақшаға ауысуды көздемейді», - деді Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов.

Оның айтуынша, жинақталған мәліметтер мемлекеттік кірістер комитетіне жолданатыны туралы ақпарат та негізсіз екенін айтады.

«2022 жылдан бастап кәсіпкерлік шоттарға түсетін қаражаттар туралы мәліметті тек банктерден алу көзделеді. Осылайша, жеке аударымдарға ешқандай салық салынбайды», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары