×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Насралланың қазасы: Израильдің Ливанға шабуылынан соңғы екі аптада 1030 адам қаза тапты

29.09.2024, 10:42
Насралланың қазасы: Израильдің Ливанға шабуылынан соңғы екі аптада 1030 адам қаза тапты
Жасанды интеллект

Ливан денсаулық сақтау министрі Фирас Абядтың мәліметіне сүйенсек, 16 қыркүйектен бері Израильдің Ливанға жасаған шабуылынан 1030 адам қаза тауып, 6352 адам жараланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ливан денсаулық сақтау министрі Фирас Абяд Бейрутте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеген.

АДАМ ШЫҒЫНЫ

Ол 8 қазан мен 15 қыркүйек аралығында Израиль армиясының Ливанға жасаған шабуылдары нәтижесінде 610 адам қаза тапқанын, оның ішінде 38 әйел мен 17 бала, 2056 адам жараланғанын атап өтті.

16-27 қыркүйек аралығында Израиль шабуылдары 1030 адамның өмірін қиды, деп қосты ол.

Министр соңғы екі аптада қаза тапқандар арасында 156 әйел мен 87 бала болғанын, сондай-ақ осы уақыт ішінде 6 352 адамның жараланғанын айтты.

ЖАЛПЫ ДЕРЕК

Израильдің шабуылдары 8 қазанда басталғаннан бергі шайқаста барлығы 1640 адам қаза тауып, 8408 адам жарақат алды.

Израиль шабуылдарында осы уақытқа дейін 194 әйелдің қаза тапқанын атап өткен ол үйінділер астында әлі табылмаған немесе аты-жөні анықталмаған адамдардың бар екенін де баса айтты.

Абяд сонымен қатар соңғы шабуылдарда 27 қыркүйектен бері тағы 11 адам қаза тауып, 108 адам жараланғанын атап өтті.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске сал кетсек, Израиль Ливан астанасы Бейруттің шетіндегі "Хезболла" ұйымының негізгі штаб-пәтеріне соққы бергенін хабарлағанбыз.

Израиль армиясы Хезболла жетекшісі Хасан Насралланың қаза тапқанын хабарлаған еді.

«Хезболла» өз жетекшісі Хасан Насралланың қаза тапқанын растады.

Израильдің Бейрутке жасаған шабуылынан Хасан Насралламен қатар ИРСК басшысы да көз жұмғаны белгілі болды.