“Көреміз” бағдарламасының жүргізушісі Руслан Өтепбай 17 жыл бойы құлдықта болған апалы-сіңлілі қыздармен бірге фотосессия ұйымдастырып, олардың қазіргі жағдайынан хабар берер суреттер жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Instagram желісіндегі парақшасында журналист Р.Өтепбай апалы-сіңлілі Құндыз бен Назгүлмен бірге фотосессия ұйымдастырған сәтінің видеосын жария етті.
Видео астына "Бізге келгенде қыздар қандай еді? Бір жылда қалай өзгерді? Құндыз бен Назгүлдің өзгерісіне баға беріп жіберіңіздерші.
Күтім мен жылы қабақ болса, жайқалмайтын қыз жоқ бұл әлемде…" деп жазды тележүргізуші Руслан Өтепбай.
ҚАЛАЙ БОЛҒАН?
Еске сала кетсек, Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары “Көреміз” бағдарламасына айтқан болатын.
Түркістан облысының тұрғындары Гүлсімжан Әділжанова мен Айша Мұстафина 11 жыл бір партада отырған сыныптастарының жай-күйіне алаңдап, бағдарламаға жүгінген. Олардың сөзінше, сыныптастарын туған ағасы еңбек құлдығына жеккен. Екі қыздың бірі Назгүл 1991 жылы, екіншісі Құндыз 1996 жылы дүниеге келген.