×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Астанада айыппұл төлеуден жалтарған шенеунік он жылға сотталды

Астанада айыппұл төлеуден жалтарған шенеунік он жылға сотталды
Фото: ашық дереккөз

Астана прокуратурасы алаяқтық және лауазымды тұлғаларды аса ірі көлемде пара беруге итермелеу бойынша қылмыстық іс тергеуін аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АУҚЫМДЫ АЙЫППҰЛ

Прокуратураның мәліметінше, 2018 жылы сот үкімімен пара берушіге 672 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.

Жазадан жалтару үшін пара беруші уәкілетті органға айыппұлды толық төлегені туралы жалған құжат ұсынған.  Қалалық прокуратура бұл қылмыстық деректі дер кезінде анықтап, сотталғанның жазасы айыппұлдан 10 жыл бас бостандығынан айыруға ауыстырылды, – делінген хабарламада. 

СЫБАЙЛАСЫ ҚОСА КЕТТІ

Одан әрі тергеу нәтижесінде, сотталғанға миллиондаған доллар айыппұл төлеуден жалтаруға көмектескен адам ұсталды.

Алқабилердің қатысуымен шыққан сот үкімімен кінәлі тұлға аса ірі мөлшерде алаяқтық және лауазымды тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін мүлкі тәркіленді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, – делінген хабарламада.