×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Балалардың суициді: ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

30.09.2024, 16:34
Балалардың суициді: ІІМ ата-аналарға үндеу жасады
ашық дереккөзден

Қазақстанда суицидтік сипаттағы белгісі бар 43 интернет-ресурс анықталған. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлекешовтың айтуынша, Ішкі істер министрлігі интернет желісі арқылы жасалатын қылмыстарға қарсы іс-қимылды тұрақты әрі белсенді түрде жүргізеді. Заңсыз контентті, оның ішінде әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында суицидті насихаттаумен байланысты ресурстарды анықтауға және оларды бұғаттауға баса назар аударылады.

«Жыл басынан бері мониторинг нәтижесінде суицидтік сипаттағы белгілері бар 43 интернет-ресурс анықталды. Олар бойынша ақпарат бұғаттау үшін уәкілетті органға, яғни мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберілді», - дейді ол.

ҚАУІПТІ ОЙЫНДАР

Соңғы уақытта мессенджерлерде қауіпті ойындар туралы ақпарат тарады. Әлекешов мұндай ойындарда өзін-өзі өлтіру элементтері кездеспейтінін, бірақ онда балалардың психикасына теріс әсер ететін қашу, бағынбау сияқты әрекеттерді құптау қаупі болуы мүмкін дейді.

«Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерін бала тәрбиесіне мұқият көңіл бөлуге шақырады. Жалпы әрбір суицид дерегі бойынша балаларды суицид жасауға итермелеген себептерді және оған қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі», - дейді ол.

Ресми өкілдің сөзінше, кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсауына ықпал ететін себептер келесідей болуы мүмкін. Бұл:

  • Жалғыздық сезімі;
  • Қиын материалдық жағдай;
  • Ата-аналарымен немесе туыстарымен жанжалдасу;
  • Оқудағы ұрыстар;
  • Ата-анасының ажырасуы;
  • Жақын адамының қайтыс болуы;
  • Жазаланудан қорқу және тағы басқа себептер.

Жалпы, суицид жасаудың нақты себебі тек тергеу нәтижесімен анықталады. ІІМ мәліметінше, суицид жасау және соған әрекеттенудің 14 жағдайында кәмелетке толмағандар мас күйде болған. Сонымен қатар, өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің бір жағдайында жасөспірім есірткілік масаң күйде болған. Талдау көрсеткендей, суицидтер мен суицид жасауға әрекеттенудің басым бөлігін 15-17 жас аралығындағы, яғни өтпелі кезеңдегі жасөспірімдер жасаған.

«Осы  орайда тағы да ата-аналарға үндеу жасағым келеді. Құрметті ата-аналар, балалардың мінез-құлқы мен эмоционалдық жағдайын бақылауда ұстаңыздар. Олармен ашық әңгімелесіңіздер. Қызығушылықтары туралы біліп жүріңіздер. Уақыт бөліп, барынша қолдауға тырысыңыздар. Балалардың көңіл-күйіндегі, мінез-құлқындағы немесе әлеуметтік ортасындағы өзгерістерге назар аударыңыздар. Егер қандай да бір күмәнді белгілер байқалса, жағдайды тез арада қолға алу қажет. Жай ғана жылулық пен қамқорлық танытудың өзі қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін. Интернетте қауіпсіздік шараларын сақтауды үйретіңіздер. Балалар әлеуметтік желілерде немесе онлайн-ойындарда кездесуі мүмкін қауіптер туралы білуі қажет.  Егер олар күдікті дүниеге тап болса, көмек сұраудан қорықпауы тиіс», – дейді ол.

Полиция балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жан-жақты шаралар қабылдаунып жатқанын хабарлады.