×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ғалымдар Қызылқұмнан өрмекшінің бұрын-соңды кездеспеген түрін тапқанын хабарлады

30.09.2024, 21:00
Ғалымдар Қызылқұмнан өрмекшінің бұрын-соңды кездеспеген түрін тапқанын хабарлады
Фото: Қазақстан зоология институты

Қазақстан зоология институтының ғалымдары Оңтүстіктегі Қызылқұм шөлінен өрмекшінің екі белгісіз түрін тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz..

ЭКСПЕДИЦИЯ

Институт ғалымдары экспедиция кезінде материал жинап жүріп, өрмекшінің жаңа түрлері туралы дерек жинаған.

Ғылыми мекеме мәліметінше, арахнолог ғалымдар елде өрмекшінің 54-түрін анықтаған, оның 27-сі алғаш осы шөлден табылған. Ал 10 түрі бұрыннан белгілі болған. Кей түрлерінің таралу аймағы – Өзбекстан, қырғызстан, Түркменстан, Иранды елдері.

ТҮНДЕ БЕЛСЕНДІ

"Өрмекшінің екі түрі ғылым үшін жаңашылдық болып отыр. Оларға сипаттама беріліп, Anagraphis karamola және Drassodes babenkoi деген ат қойылды. Екі түр де құрлықта мекен ететін Gnaphosidae отбасына жатады. Деректерге қарағанда олар түнде белсенді. Ал күндіз жасырынып отырады (тастың ттасасында, басқа жануарлардың апанында, құз мен жер жарышқаларында). Бүгінге дейін олар өздерін білдіртпей келді, бірақ біздің арахнолог мамандармен кездескеннен кейін ол мүмкін болмай қалды.  Енді әлемде белгісіз өрмекшілер екіге дейін кеміді” деп хабарлады институт.

Хабарламаға қарағанда, деректер Arthropoda Selecta журналында жарияланған.