×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Казақстанда көршілес мемлекеттерде іздеуде жүрген 1495 шетелдік қылмыскер ұсталған

01.10.2024, 11:00
Казақстанда көршілес мемлекеттерде іздеуде жүрген 1495 шетелдік қылмыскер ұсталған
Фото: polisia.kz

ІІМ көршілес мемлекеттерде іздеуде жүрген бірнеше шетелдік қылмыскер Қазақстанда ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТҮРКІСТАН

ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, Түркістан облысында Ресей Федерациясының Самара қаласында 2023 жылдың сәуір айында өзінің танысын өлтіргені үшін іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматы ұсталған. Ол 2023 жылдың қазан айынан бері іздеуде болған.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Бұдан бөлек Алматы облысы Қаскелен қаласында 2021-2023 жылдар аралығында Ташкент облысында көппәтерлі үйлерді жөндеу барысында жалған құжаттарды ұсыну арқылы алаяқтық жолмен 180 млн 476 мың сом қаражатын иемденген Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. 2023 жылдың қараша айынан бері іздеуде болған.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

Сондай-ақ Алматы қаласында Бішкекте өзінің өгей қызын зорлағаны үшін 47 жастағы Түркия Республикасының азаматы ұсталды. Ол Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдарында іздеуде болған.

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ

Сонымен қатар Қызылорда қаласында 2022 жылы Ресей Федерациясының Сочи қаласының тұрғынынан алдау арқылы 1 млн ресей рублін алып, өз қажеттілігіне жұмсап жіберген 30 жастағы Ресей Федерациясының азаматы ұсталды. Ол сәуір айынан бастап іздеуде болған.

“Қабылданған шаралар нәтижесінде ІІМ қызметкерлері іздеуде жүрген 1495 қылмыскерді ұстап, 1000-нан астам хабар ошарсыз кеткен азаматтың жүрген жерлерін анықтады. Сондай-ақ еліміздің аумағында шет елдерде іздеуде жүрген 642 қылмыскер ұсталды” делінген хабардамада.