×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Ресей әскері Угледар орталығына кірді

01.10.2024, 20:05
Ресей әскері Угледар орталығына кірді
Ашық дереккөзден

Ресей әскерлері Угледар орталығына кірді. Бұл туралы сейсенбі, 1 қазанда Украина телеарналарының эфирінде Донецк облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Вадим Филашкин айтты. Филашкиннің сөзінше Оңтүстік Донбасстағы Украина Қарулы күштерінің маңызды бекінісі орналасқан қаладағы жағдай қиын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz..

БАСЫП АЛУЫ МҮМКІН

Ресей әскерінің Угледарға жеткенін Ресей әскери блогерлерінің бейне кадрларын геолокациялаған украиналық DeepState жобасы растайды. Онда Ресей қарулы күштерінің әскери қызметшілері Угледардың батыс шетіндегі кем дегенде екі үйге жалауша таққан. DeepState сарапшылары орыстар бірнеше күнде қаланы басып алуы мүмкін екенін жазды. 

БҰҒАН ДЕЙІН ТОЙТАРЫС БЕРГЕН

Угледарда шамамен 2000 адамнан тұратын 72-ші механикаландырылған Украина қарулы күштерінің бригадасы орналасқан. 2023 жылдың қысында украин әскерилері қалаға жасалған шабуылды тойтарып, ресейліктерге үлкен шығын келтірген. Алайда, Угледардағы ҚКҚ жағдайы сарапшылардың пікірінше, өте ауыр. Қаланы қорғайтын гарнизонды қамтамасыз ету өте қиын: қаланың солтүстігіндегі ресейлік позициялар арасындағы тар дәліз ені шамамен үш шақырымды құрайды және оның барлығын Ресей армиясы бақылауда ұстап отыр деп хабарлайды украиналық әскери блогерлер.

УГЛЕДАР ТУРАЛЫ

Угледар – биік жерде орналасқан маңызды плацдарм. Қаланың биіктігі шамамен 180-200 метр теңіз деңгейінен жоғары, бұл оған оңтүстік және шығыстағы елді мекендерді артиллериялық бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Алайда, соғыс зерттеу институтының (ISW) мәліметінше, бұл артықшылық Ресей армиясы үшін онша айқын емес, өйткені батысқа немесе солтүстікке қарай шабуыл жасаған жағдайда әскерлерге ашық дала арқылы ондаған шақырымды еңсеруге тура келеді.

БАСЫП АЛСА НЕ БОЛАДЫ?

Угледарды басып алған жағдайда, ресейліктер Донецк теміржолының маңызды учаскесін украиналық атқылаудан босатады. Волноваханың жанында бұл жол Оңтүстік теміржолымен жалғыз түйіскен, ал ол Запорожье және Херсон облыстары арқылы Ресей аннексиялаған Қырымға апарады. Бұл 2016 жылы бұзылған теміржол торабын қалпына келтіре отырып, Ресей Керчь көпірі зақымдалғаннан кейін тоқтатылған Қырыммен теміржол қатынасын қайта жандандыра алады, деп атап өтеді ISW.