×
481.19
538.45
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.19
538.45
5.18

Көзіне тигізген - Павлодарда оқушы ойыншық тапаншадан оқ атқан

Бүгін, 21:45
Көзіне тигізген - Павлодарда оқушы ойыншық тапаншадан оқ атқан
Әлеуметтік желіден

Оқиға мектептегі қоңырау кезінде болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОЙЫНШЫҚ ОҚ АТҚАН

Павлодар облысында  бесінші сынып оқушысы мектепке ойыншық тапанша әкеліп, оқушының көзіне оқ атқан.

ҮЗІЛІСТЕ БОЛҒАН

Оқиға  бірінші сабақтан кейінгі үзілісте болған. 

"5-сынып оқушысы байқаусызда ойыншық мылтықпен басқа оқушының көзіне оқ атқан. 2011 жылы туған бала орталық аудандық ауруханаға жеткізілді, сол жерден облыстық балалар ауруханасына жіберілді. Сағат 14.00-де олар өз бетінше травматологиялық пунктіне жүгінді. Жасөспірімді кезекші офтальмолог тексерді. "Көз алмасының көгеруі, конъюнктиваның абразиясы" диагнозы қойылды", – деп хабарлады Павлодар облыстық балалар ауруханасы. 

Дәрігерлер баланың жалпы жағдайына әсер етпегенін, бірақ тұрғылықты жерінің қашықтығын ескере отырып, бақылау үшін офтальмологиялық бөлімге жатқызылғанын атап өтті.