×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Адам тұрғысыз апатты жағдайда»: Алматы облысында жатақхана тұрғындары шу шығарды

«Адам тұрғысыз апатты жағдайда»: Алматы облысында жатақхана тұрғындары шу шығарды
Фото: видеодан скрин

Алматы облысында екі қабатты тозығы жеткен жатақхананың іргетасы құлап, апатты жағдайда тұр. Жатақхана тұрғындары күндердің күнінде үйдің астында қаламыз ба деп қорқып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚҰБЫРЛАРЫ ШІРІП ЖАТЫР

КТК телеарнасының мәліметінше, бір кездері бұл ғимаратта жылу электр орталығының жұмысшылары тұрған, кейін жатақхана жекеменшікке өткен. Жатақхананы қазір пана етіп жүрген тұрғындар ғимаратты қолаңса иіс жайлап, қабырғаларын көк басқанын айтады. Олар ғимараттың әр бұзылған жерін жөндеп шарашаған.

 

Нысан жөндеуге келмейді. Тұрғындар жиналамыз, қыста жылу батареялары жарылады. Ақша жинасақ, жер тесіледі. О жерді жасасақ, мына жақтары тесіледі. Астының бәрі шіріп жатыр, құбырлары да шіріп жатыр, – дейді Өтеген батыр ауыл округінің тұрғыны Назгүл Құсайынова.

ТҰРУҒА МҮМКІНДІК ЖОҚ

Құрылыспен бірге ондағы коммуналдық жүйесі тозған. 50-ге тарта бөлмесі бар жатақхананың ас үйі, дәретханасы, жуынатын жері де ортақ. 

Бүкіл үйді ылғал жайлаған, адам тұрғысыз апатты жағдайда. Тұруға мүмкіндігіміз жоқ, – дейді тұрғындарды бір Мейірбек Әбдірасылов.

АҚША БӨЛІНБЕГЕН

Жатақхана тұрғындары жергілікті бар жағдайын айтып, шенеуніктерден көмек сұрайды. Алайда олар ғимараттың жекеменшікке тиесілі екенін алға тартып, көмек бере алмайтынын жеткізді. 

Жатақхана әркімнің өз иелігінде, ортақ кондоминиум мүлік. Қасбетін жөндеуге қаражат бөлініп жатқан жоқ. Дегенмен ауданның тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі оны бір түске келтіру үшін тек бояу үшін ақша бөлуге құқылы. Аудандық мәслихатпен шешім қабылдап. Үйлердің түрі бір түс болуы үшін. Бірақ бүгінде ақша бөлінген жоқ, –дейді Өтеген батыр ауыл округі әкімінің орынбасары Мақсат Орынбасаров.