×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Степногорск түрмесіндегі сұмдықтар: Жыланбаев көрпеге зар, басқа сотталушы сотқа дейін тірі қалмауы мүмкін

05.10.2024, 01:07
Степногорск түрмесіндегі сұмдықтар: Жыланбаев көрпеге зар, басқа сотталушы сотқа дейін тірі қалмауы мүмкін
Коллаж Ulysmedia.kz

Журналист Сания Тойкен белгілі марафоншы, белсенді Марат Жыланбаев жатқан Степногорск қаласындағы түрмедегі құқықбұзушылықтар туралы жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“БІР КӨРПЕ СҰРАП АЛА АЛМАЙ ОТЫР”

Журналист бұрын тубдиспансер болған Степногорскідегі №4 мекемеде отырған Марат Жыланбаев тұрмеде де адам құқығы үшін күресіп жатқанын жеткізген.

“Оның өзіне тағылған "экстремистік ұйымды қаржыландыру" айбымен келіспей аштық жариялағанына 22 күн болды. Адвокат Мейіржан Досқараев оны ҚАК сәйкес медсанбөлімге жатқызуы тиістігін, бірақ онда орын жоқ деп тағы да, төртінші рет ДИЗОға жөнелткенін айтады. Марат Жыланбаевқа келген хаттар да қолына тимеген соң, тағы да камерасы алдына плакат іліп "Неге үш күннен бері маған келген хаттарды бермей отыр?" деп жазуға мәжбүр болған. Ол өзі жатқан ДИЗО камерасының  іші өте суық, бір қабат терезеге түрме гаражында жатқан 20 раманың бірін салуды сұрап өтініш хат та жолдапты. Не қыстық курткасын, не тағы бір көрпе сұрап ала алмай отыр екен” дейді ол жазбасында.

ЕКІНШІ СОТТАЛУШЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

Сәния Тойкен түрме бастығы міндетін атқарушы Қанат Тұлақов телефонмен сөйлесуден, Жыланбаев туралы ақпарат беруден бас тартқанын атап өтті. Ал түрменің бұрынғы бастығы Биттугулов Асылхан Кабидоллинович қазір "пара алу" бабымен СИЗОда отыр.

"Ол пара сұраған сотталушы Ринат Хайруллинге осы түрмеде пытка жасап жатыр, сол жақ қол-аяғы істемей қалды, өйткені Хайруллинді медиацияға келістіріп Биттиғұловты түрмеден босатылуын қамтамасыз етпек" дейді адвокат. Адвокаттың сөзінше, қазір Ринат Хайруллиннің қалі өте нашар. Сот процессіне дейін ол тірі қалмауы да мүмкін” делінген журналист жазбасында.

АШТЫҚ

Марат Жыланбаев 7 жылға соттағаны үшін наразылық ретінде 40 күндік аштық жариялаған.

Биыл 19 тамызда марафоншы, тіркелмеген оппозициялық «Алға, Қазақстан» партиясының жетекшісі Марат Жыланбаев 61 жасқа толды. Туған күнін ол Атбасардағы түрменің тәртіптік изоляторында қарсы алды. 

ЖЫЛАНБАЕВҚА ШЫҚҚАН ҮКІМ 

Еске сала кетейік, биыл қаңтарда Астана қаласының қалалық соты Марат Жыланбаевтың апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарған еді. Ол инстанция Астана қылмыстық істер жөніндегі сотының Марат Жыланбаевты жеті жылға соттаған үкімін күшінде қалдырған. Белсендіге сотта «тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты» және «терроризмді қаржыландырды» деген айыптар тағылған. 

Марат Жыланбаев бұған дейін де бірнеше рет аштық жариялаған. Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін оны босатып, оған тағылған айыптарды алып тастауға шақырған болатын.

МАРАТ ЖЫЛАНБАЕВ ЖАЙЛЫ

Марат Жыланбаев – қазақстандық марафоншы, тіркелмеген "Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясының төрағасы. Ол әлемдегі ең үлкен шөлдермен жүгірген жалғыз адам. 

Ол 1963 жылы 19 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келген. Жер шарының ең ірі шөлдері – Азия, Африка, Австралия және Америкада жүгірген жалғыз адам. Оның әрбір жүгірісі кем дегенде 1200 км құрады. Халықаралық ультрамарафон жарыстарының жеңімпазы және жүлдегері. Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген 7 әлемдік рекордтың иесі.