×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Франция президенті Израильге қару-жарақ жеткізуді тоқтатуға шақырды

05.10.2024, 23:40
Франция президенті Израильге қару-жарақ жеткізуді тоқтатуға шақырды
Ашық дереккөзден

Франция президенті Эммануэль Макрон Израильге Газа секторындағы соғыста қолданылуы мүмкін қару-жарақ жеткізуді тоқтатуға шақырды және әскери қақтығысты «саяси жолмен шешуді» жақтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Франция президенті Эммануэль Макрон Израильге Газа секторындағы соғыста қолданылуы мүмкін қару-жарақ жеткізуді тоқтатуға шақырды. Ол сондай-ақ өткен жылдың 7 қазанында Израильге ХАМАС лаңкестік әрекетінен туындаған әскери қақтығысты «саяси жолмен шешуді» жақтайтынын білдірді.

«Менің ойымша, бүгінгі басты тақырып – Газадағы соғысқа бағытталған қару-жарақ жеткізуді тоқтату, саяси шешімге оралу», деді Макрон France Inter радиосында. Ол сондай-ақ Франция қазіргі уақытта еврей елін ешқандай қарумен қамтамасыз етпейтінін айтты.

Айта кетерлігі, Франция президентінің сұхбаты сейсенбі күні түстен кейін, ирандықтардың еврей мемлекетіне соққы жасар алдында жазылған. Etcetera арнасының арнайы радиохабары Франкофония саммитіне арналды. Дегенмен сұхбатта халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша да сұрақтар қойылды.

Макрон сонымен қатар атысты тоқтатуға қол жеткізу үшін жасалған барлық дипломатиялық күш-жігерге қарамастан Газада байқалатын нәтижелердің жоқтығына өкініш білдірді.