×
489.36
533.45
4.99
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.36
533.45
4.99

Қарағандыда әйел екі сәбиін ерлі-зайыптыларға сатқан

06.10.2024, 00:47
Қарағандыда әйел екі сәбиін ерлі-зайыптыларға сатқан
Фото: Depositphotos

Алматылық, сондай-ақ қарағандылық ерлі-зайыптылар, бір дәрігер және екі жаңа туған нәрестенің анасы бала сатумен айналысты деп айыпталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Патриот" Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Қарағанды ​​облысында шалғайдан келген келіншек перзентханада қызын дүниеге әкелген. Алайда ол медбикеге баладан құтылғысы келетінін айтқан.

“Оның үш баласы бар және ол төртінші нәрестені дүниеге әкелуді жоспарламаған. Дәрігер Астанадан келген ерлі-зайыптылардың клиенттерін тез арада тапқан. Ол кезде олар Астанада тұрған, ал бүгінде ерлі-зайыптылар Алматы қаласының тұрғындары. Олар қыздарын алып кеткен”, деп жазды “Патриот”.

Бірақ ерлі-зайыптылардың баланы асырап алғаны үшін ақша бергені, я бермегені белгісіз.

Арада екі жыл өткенде сол шалғайдағы әйел қайтадан жүкті болып, сол перзентханаға келеді. Одан әрі оқиғалар сол сценарий бойынша өрбіп, нәрестесін басқа ерлі-зайыптыларға берген.

Ал бұл жолы медбике босанған әйелге 10 000 теңге берген. Шамамен аулына жету үшін берген болуы керек.

Сәбилерді асырап алушыларға берудің бұл екі фактісі туралы құқық қорғау органдары хабардар. Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

“Заңға сәйкес, бала асырап алу тиісті өтініш беру арқылы қорғаншылық және қамқоршылық органдары арқылы жүзеге асырылады. Өтінішті комиссия қарайды және ықтимал ата-аналардың барлық талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Сәбилер заңды түрде сәбилер үйінен асырап алуға беріледі. Бірақ перзентхана арқылы бала асырап алуды жүзеге асыруға жол берілмейді”, делінген “Патриот” арнасының жазбасында.

Ал екі ерлі-зайыпты отбасы балалары жақсы жағдайда жаңа отбасында тұрғандықтан, олар ешқандай қылмыс жасамадық деп есептеп отыр.

Қазіргі уақытта сәбилер балалар үйіне тапсырылып, сот отырысы басталған.