×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Бәрі заң аясында болуы керек – Әшімбаев референдум алдында белсенділердің ұсталуы жайлы

06.10.2024, 10:12
Бәрі заң аясында болуы керек – Әшімбаев референдум алдында белсенділердің ұсталуы жайлы
Ulysmedia

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев республикалық референдумға қатысып, Ұлттық кітапханада орналасқан №111 дауыс беру учаскесінде таңдауын жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әшімбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында республикалық референдумға шығарылған мәселе еліміз үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ мұндай жалпыұлттық дауыс беру үдерісі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылуының жарқын көрінісі екені айтылды.

Журналистер одан АЭС-ке қарсы азаматтар әртүрлі пікір айтатынын, бірі экологиялық мәселелерді көтерсе, екіншісі вендерді таңдауда елдің басқаға тәуелді болу қаупі артады деп есептейтінін айта келе “бұл қауіптің негізі бар ма?” деп сұраған. Әшімбаев бүгінгі таңда елге АЭС-ке керек пе, жоқ па деген сұрақ көтеріліп отырғанын, осы сұрақтың жауабы белгілі болғаннан кейін ары қарай ақпарат берілетінін жеткізді.

Сенат төрағасынан референдум алдында белсенділердің ұсталуы жайлы сұралды.

– Бұл жерде егжей-тегжейлі ақпаратты құқық қорғау органдарына сұрақ қойғандарыңыз орынды болар. Жалпы айтар болсақ, меніңше, ол азаматтар саяси көзқарастары үшін емес, заңды бұзғаны үшін мәселелер көтеріліп жатыр. Бұл жерде заң бұзылғандықтан құқық қорғау органдары тарапынан жасалып жатыр. Қазақстан азаматтарының саяси құқықтары шектелмейді. Саяси көзқарастарын айтуға біздің азаматтардың барлық мүмкіндіктері бар. Бірақ осының бәрі заң аясында болуы керек. Үгіт-насихат жұмысы да заң аясында жүргізілуі тиіс, – дейді ол.