×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Алматыда тәуелсіз бақылаушыны полиция ұстап алып кетті

06.10.2024, 12:00
Алматыда тәуелсіз бақылаушыны полиция ұстап алып кетті
Фото: Мұхтар Ғалымжановтың жеке мұрағатынан

Алматыдағы  №643 учаскеде тәуелсіз бақылаушы болған Мұхтар Ғалымжановты полиция ұстап алып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ ЖАҒДАЙ

Ұлыс тілшісіне айтқанындай, ол  “Тәуелсіз бақылаушы” қоғамдық бірлестігінің атынан бақылаушы болып барған. Сөзінше, учаске әскери бөлімде орналасқан. Учаскеге 541 мерзімді қызметтегі сарбаз дауыс берген.

Бақылаушы учаскеде арасында жарық өшіп, ұйымдастыру жұмыстарында кемшіліктер болғанын жеткізді. Ол дауыс беру кезінде өзін учаскеден шығарып жіберуге тырысқанын, учаске комиссиясының төрағасы аты-жөнін айтпай қойғанын айтады.
 
ҰСТАУ

Әскерилер дауыс беріп болуына байланысты учаске жұмысы жабылған. Бақылаушыға комиссия мүшелері хаттама көшірмесін бермей қойған. Беруін сұрағанында полиция шақырған.

Белсенді өзін Наурызбай аудандық полиция басқармасына апара жатқанын айтып үлгерген кезінде онымен әңгіме үзіліп кетті.

Бұған дейін Қазақстанда АЭС референдумы қарсаңында 20-дан астам белсенді ұсталған болатын.

Еске салсақ, бүгін бүкіл елде рефрендум комиссиясының 70 мыңнан астам мүшесі жұмыс істейтін 10 мыңнан астам учаске жұмысын бастады.