×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Путин 72 жасқа толды – Тоқаев құттықтады

07.10.2024, 20:55
Путин 72 жасқа толды – Тоқаев құттықтады
Ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

72 ЖАСҚА ТОЛДЫ

Бүгін Ресей президенті Владимир Путин 72 жасқа толып жатыр. Баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Путин өз отбасына деген ерекше қызығушылықты ұнатпайды.

Бұл Путиннің президенттік қызметтегі 20-шы туған күні. Песковтың айтуынша, 7 қазан кешінде Путин ТМД елдерінің мемлекет және үкімет басшыларымен бейресми жағдайда сөйлеседі. 

2000 ЖЫЛДАРДАН БЕРІ БАСҚАРЫП КЕЛЕДІ

Владиимир Путин – Ресей Федерациясының президенті, Ресей Федерациясының мемлекеттік кеңесі мен қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. 2012 жылдың 7 мамырынан бастап Ресей федерациясының қарулы күштерінің бас қолбасшысы. Ол 2000 жылдың 7 мамырынан 2008 жылдың 7 мамырына дейін президент лауазымын атқарып, 1999-2000 және 2008-2012 жылдары Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы болған. Әртүрлі бағалаулар бойынша, Путин 1999 немесе 2000 жылдан бері Ресейді басқарып келеді.

ҰЗАҚ БИЛЕГЕН БАСШЫ

2017 жылдың қыркүйегінде Путин Иосиф Сталиннен кейін Ресей тарихындағы ең ұзақ уақыт билік еткен көшбасшы атанды, ал бесінші президенттік мерзім аяқталғаннан кейін Екатерина II кезінен бері ең ұзақ билік еткен басшы болады.

СОҒЫС ОТЫН ӨРШІТТІ

2022 жылдың 24 ақпанында Путин Украинаға қарсы соғыс ашып, Ресейдің Украинаға толық ауқымды басып кіруін бастады, бұл – халықаралық қауымдастықтың айыптауына ұшырады. Бірқатар мемлекеттер Ресейге және жеке Путинге қарсы қосымша ауқымды санкциялар енгізді. 2022 жылдың күзіне қарай Ресей мобилизация бастады және Украинада басып алған аймақтарды аннексиялады.

2023 жылдың 17 наурызында Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Владимир Путинге Украинаға басып кіру барысында украиналық балаларды заңсыз депортациялады деген айыппен тұтқындау ордерін шығарған.