×
508.05
534.82
5.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.05
534.82
5.06

«Батыл әрекет ететін кез келді»: қазақстандық құқық қорғаушы Варшавада сөз сөйледі

07.10.2024, 22:30
«Батыл әрекет ететін кез келді»: қазақстандық құқық қорғаушы Варшавада сөз сөйледі

Қазақстандық құқық қорғаушы Рустам Жантасов Варшавадағы Адам өлшемі жөніндегі конференция аясында өткен «Негізгі бостандықтар» тақырыбындағы пленарлық отырыста сөз сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жантасов Қазақстандағы бейбіт жиналыс өткізу құқығына қатысты жағдайды талқылап, мемлекеттің жиналыстар туралы заңын өзгерту бойынша ұсыныстар жасады.

«Бұл ішкі саясат мәселесі емес, бұл – Қазақстан халықаралық келісімдердің қатысушысы ретінде сақтауға міндетті адам құқықтарының ең төменгі стандарттары. Енді нақты шаралар қабылдайтын кез келді», – деді ол.

Жантасовтың айтуынша, Қазақстанда азаматтар бейбіт жиналыс өткізуге өтініш бергенде көбіне рұқсат алмайды. Құқық қорғаушының сөзінше, қатаң ережелерге байланысты белсенділер көшеге шығуға қорқады. Сонымен қатар, Жантасов қаңтар оқиғасынан кейін билік бейбіт жиналыстарға қатынасын одан әрі қатайта түскенін айтты.