×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Көліктің тарихын енді eGov.kz арқылы көруге болады. Қалай

08.10.2024, 10:44
Көліктің тарихын енді eGov.kz арқылы көруге болады. Қалай
nitec.kz

Қазақстандықтарда eGov.kz порталында «Көлік тарихы» сервисінің көмегімен автокөлікке иелік ету тарихы туралы барлық ақпаратты тексеру мүмкіндігі пайда болды. Сервис пайдаланушыларға сатып алудың алдында көліктің тарихын тексеруге көмектеседі, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЕКСЕРУ ҮШІН НЕ КЕРЕК

ҰҚТ хабарламасында сервисті енгізу пайдаланушыға әлеуетті сатып алу туралы қосымша ақпаратпен танысуға көмектесетіні, сәйкессіздіктер туындаған жағдайда бірқатар проблемалардан сақтайтыны айтылған.

Тексеру үшін әлеуетті сатушыдан көліктің мемлекеттік нөмірін және техникалық паспорт нөмірін білу қажет.

СЕРВИС НЕ ҰСЫНАДЫ

«Көлік тарихы» сервисі төмендегі ақпаратты ашады:

  • автомобиль маркасының атауы және шығарылған жылы;
  • қозғалтқыштың көлемі, шанақтың түсі және қосымша орнатылған жабдықтың болуы;
  • ҚР аумағында автокөлікті алғашқы тіркеу күні;
  • меншік иелері туралы дербес деректерді көрсетпей-ақ, автокөлікті қайта тіркеу күндері бар алдыңғы иелердің жалпы саны;
  • көлік құралына кепілдің немесе ауыртпалықтың болуы.

СЕРВИСТІ ҚОЛДАНУ

- eGov.kz порталына кіру, «Көлік тарихы» сервисіне өту;

- «автомобильдің мемлекеттік нөмірі (МТНБ)» және «Автокөлік құралын тіркеу туралы куәліктің нөмірін (КҚТК)» енгізу;

- автомобиль туралы ақпаратпен танысу.