×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мәжіліске Оқу-ағарту вице-министрлері келмей қойды – бұл Аймағамбетовтың ашуын туғызды

08.10.2024, 15:20
Мәжіліске Оқу-ағарту вице-министрлері келмей қойды – бұл Аймағамбетовтың ашуын туғызды
Ulysmedia коллажы

Парламент мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов білім саласының мәселесін талқылау үшін төменгі палатаға Оқу-ағарту министрінің бірде-бір орынбасары келмей қойғанына ашуланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжілісте бүгін мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту» мәселесі бойынша тақырыптық отырыс өтіп жатыр. Баяндамашы ретінде Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева келуі керек болған. Алайда ол келмеді. 

– Үкімет ішінде бір шешімді табу керек қой. Бұл жерде Мәжіліс! Маңызды мәселе ғой. Талқылайық деп отырмыз. Қоғам “қашан шешім қабылдайды?” деп күтеді. Бір топ депутаттың осы мәселені көтергеніне көп болды. Бірнеше вице-министрден біреуі болсын келуі керек қой. Шешім қабылдайтын. Бізге саяси қызметкерлердің келгені маңызды, себебі ертең саяси шешімді саяси лауазымды азаматтар қабылдайды, – деді Аймағамбетов.

Қазір вице-министрдің орнына комитет өкілдері баяндама жасап жатыр.