Қызылорла облысында 10-сынып оқушысы 9-сыныптың баласын ұрып өлтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Қызылорда облыстық соты мәлімдеді.
Шиелі ауданы Қодаманов ауылының 10-сынып оқушылары Қ. мен Ж. сыныптастарымен бірге 9-сынып оқушылары өздерімен амандаспай жүргенін әңгіме қылған. Сыйластық танытпай жүргені үшін оларды тәртіпке келтіру мақсатында ауыл шетіне жиналған.
Сотталушы Ж. бір қатарда тұрған 9-сыныптың оқушыларын беттерінен бір реттен ұрып шыққан.
Сотталушы Қ. бұл әрекетті жалғастырып, оқушыларды ұрып келе жатып, жәбірленуші А.-ның көкірек тұсынан жұдырығымен бір рет қатты соққы жасаған. Салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза болды.
Кәмелетке толмаған сотталушы Қ. 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Сот әлі заңды күшіне енген жоқ.