×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

АЭС құрылысы. Министрлік бөліп төлеу мүмкіндігі туралы айтты

10.10.2024, 14:05
АЭС құрылысы. Министрлік бөліп төлеу мүмкіндігі туралы айтты
ашық дереккөз

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Қазақстан АЭС құрылысына қажетті қаржыны қайдан алатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ол Сенатта өткен брифинг барысында айтты.

Қазір кім салады, қай ел салады деген сауалдың шешімі әлі шыққан жоқ. Тиісінше, қалай қаржыландырылатыны туралы түсінік жоқ. Мен атом электр станциясының құрылысын қаржыландырудың бір нұсқасы оны бөліп төлеу екенін білемін. Оны салатын компания төлемді кейінге қалдыра алады. Тиісінше, қаржыландыру үшін қаражат қажет болмауы мүмкін. Бірақ қазір біз мұны нақты айта алмаймыз, өйткені тіпті кім салатыны туралы түсінік жоқ, – деді Арман Қасенов.

Естеріңізге сала кетейік, АЭС бойынша референдум 6 қазанда өткен болатын. Дауыс берудің нақты қорытындысы да белгілі болған.