×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Милтон дауылы. Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі үндеу жасады

10.10.2024, 15:01
Милтон дауылы. Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі үндеу жасады
ашық дереккөз

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігі «Милтон» дауылына байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үндеуде дауыл Флорида штатының батыс жағалауына соғуы мүмкін болғандықтан сондағы отандастарымызға мейілінше сақ болып, жергілікті биліктің нұсқауын мүлтіксіз орындауға шақырған.

АҚШ-тың Ұлттық дауылдар орталығының мәліметіне сәйкес, 10 қазанға қараған түні, шамамен сағат 01:00-02:00-де Мексика шығанағының оңтүстігінде басталған «Милтон» дауылы Флорида штатының батыс жағалауына соғуы мүмкін. Сондай-ақ дауыл Джорджия және Оңтүстік Каролина штаттарының кейбір аумақтары арқылы өтуі мүмкін – делінген елшілік хабарламасында.

Флорида штатының жергілікті билігі бірнеше округте міндетті эвакуация шараларын жариялады. Барлық тұрғын табиғи апат қаупі туындаған жағдайда эвакуацияға дайын болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі жергілікті биліктің нұсқауларын мүлтіксіз орындауға шақырады. Көмек қажет болған жағдайда Елшілікке дереу хабарласуларыңызды сұраймыз. Өз қауіпсіздігіңізге сақ болыңыз және ауа райына байланысты жаңартылған ақпараттарды мұқият қадағалаңыз! – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің тәулік бойы «жедел желісі»:
+1 202 595 6467
+1 626 251 6253

Бұған дейін «Милтон» АҚШ-тың соңғы 100 жылдық тарихындағы ең алапат дауыл болуы мүмкін екені айтылған. Жойқын дауыл АҚШ-тың Флорида штатының батыс жағалауын қиратып, 2 миллионнан астам үй жарықсыз қалған.